Президент • 26 Тамыз, 2022

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшелерін қабылдады

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшелері Серік Ақылбай мен Сергей Худяковты қабылдады, деп хабалайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшелерін қабылдады

Кездесуде Президент «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбаймен отандық құқық жүйесін дамытудың аспектілерін кеңінен талқылады.

Ұлттық құрылтай мүшесі Мемлекет басшысына еліміздегі реформалар аясында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру туралы ұсыныстарын ортаға салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың мүшесі, Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің өкілі, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты» жекеше мекемесінің директоры Сергей Худяковты да қабылдады.

н

Кездесу барысында Сергей Худяков қоғамдық бірлікті нығайту жөніндегі өзекті пікірлері мен көзқарастарын білдірді.

Жүздесуде тұрғын үй саясаты мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар мәселе талқыланды.