Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Түрлі дене жарақаттарын алған үш бала қалалық балалар ауруханасына жеткізілді.
Қалалық ауруханада автокөлік жүргізушілері мен екі жолаушыға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.
ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ-де «Көлік құралын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы» фактісі тіркелді.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.