Ұлттың нағыз қазақы қалыбын танытып, бүтін болмыс-бітімін бедерлеп бейнелейтін қазақ кинематографында сірә «Қыз Жібектен» асқан фильм жоқ шығар. Ондағы әсем де бай тіл, көркем де келісті костюмдер, тұла бойыңды әлемтапырық күйге бөлейтін музыка, кілті сәтті табылған кесек кейіпкерлер – мұның барлығы түсірілім айналасына топтасқан таланттардың жемісті жұмысының жеңісі, ұлттық өнердің теңдессіз олжасы екені даусыз.

Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
Сөзіміздің айқын дәлелі болса керек, бүгінде Ғ.Мүсірепов, Н.Тілендиев, Қ.Мырзалиев, А.Тоқмағамбетов, С.Қожықов бастаған таутұлғалар қолтаңбасы қалған фильмінің айналасынан тарқатылатын қызықты әңгіме де, аңызға бергісіз ақиқат та көп. Соның бірі – Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйі.
Ақпарат үшін айта кетсек, дәулескер домбырашы, КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 400-ге тарта әні бар. Сондай-ақ күйші-композитор 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық фильмге музыка жазды. Оркестрге арналған поэма, «Ата толғауы», «Ақсақ құлан», «Арман» сынды күй мен поэмалары өз алдына бір төбе. Соның ішінде, әсіресе «Қыз Жібекке» жан бітірген «Аққудың» орны тіптен ерек. Туынды түсірілместен бірнеше жыл бұрын, яғни 1944 жазылып қойған сценарий бойынша «Қыз Жібек» фильмінің алғашқы атауы «Аққу» болған. Кейін араға жылдар салып, шығармашылық процесс нақты өндіріске ұласқанда «Аққу» атауын «Қыз Жібек» алмастырған. Алайда әу баста фильм өзегіне айналған махаббат символы – Аққу бастапқы мұратынан айнымай, Нұрғиса Тілендиевтің әйгілі күйі арқылы тұтас фильмнің лейтмотивіне айналды. Ал аққудың бейнесін, оның әрбір қимылын күй арқылы дәл суреттеген композитор қайталанбас туындыны фильмде өзі орындап және бір төңкеріс жасады.
Таңғаларлығы – ол кездегі дыбысты сапалы жазатын студиялардың болмағанына қарамастан, фильмде күйдің үні жақсы сақталған. Мұның сырын дыбыс режиссері Қадыр Қосай Нұрғиса Тілендиевтің шеберлігімен байланыстырады. Сол сәт туралы: «Нұрекең «Аққу» күйін әр кезде әрқалай орындайтын. Жеті-сегіз дубль жаздым. Сондағы 8-9 дубльдің бірі екіншісіне ұқсамайды. Нұрғиса – арқалы адам еді. Өзі виртуоз, өзі композитор, өзі орындаушы. Бір-екі орындағаннан кейін-ақ, арқасы қара терге түсіп, киімдерін шешіп тастайды. Күйді қос домбырамен күмбірлеткенде, күйшінің ерекше қолтаңбасын да көруге болады», – деп еске алыпты Қадыр Қосай өз естелігінде.
Рас, «Қыз Жібектегі» аққуларға қатысты әңгіме көп айтылады. Сұлулық символы аталып кеткен кербез кұстың түсірілім алаңындағы машақаты да талай әңгімеге арқау болды. Фильм үшін арнайы қырғыз елінен әкелінген аққулар сценарий бойынша билеуі керек тұсында талапқа бағынбай, жоспардың быт-шытын шығарып, жұмысты алға бастырмай қойыпты. Әсіресе операторлардың қырағы камерасы өздеріне қарай бұрылғанда, сезімтал тіршілік иесі ырыққа көнбей, түсірілім тобын біраз әбігерге салғаны және бар. Аққудың биін таспалау үшін режиссерлер екі тәулік бойы тапжылмай күтіп отырды дейді фильмнің басы-қасында жүргендер. Сонда шығармашылық топты бұл тығырықтан алып шыққан «Аққу» күйі екен. Осылайша, Қаршыға мен Шегенің күй жарысында билей жөнелетін аққулардың көрінісін кеш батып бара жатқанда түсіріп үлгерген. Дәл осы эпизодта Әнуар Молдабековтің де Шегенің кейпіне енгені соншалық, дайындық барысында домбыра үйренемін деп сабалап, төрт бірдей домбыраны сындырыпты. Түк шығара алмаған соң дайындыққа Нұрғиса Тілендиев араласып, домбыралардың «жаны қалған» көрінеді.
Сонымен қатар сценарий бойынша Төлеген мен Жібектің некесі қиылған соң, махаббат нышаны ретінде айдында жүзіп жүрген аққуларды көрсетеді. Алайда ол кезде де аққулар бір-біріне жақындамайды. Су астындағы сүңгуір мамандар аққуларды қосуға тырысып бақса да, екеуі екі жаққа жүзіп кетеді.
Осы кезде фильм режиссері Сұлтан Қожықов пен Нұрғиса Тілендиев ақылдасып, алдын ала таспаға жазылып алынған «Аққу» күйін қосады. Күйді естіген бойда екі аққу бір-біріне жақындап келіп, бастарын түйістіріп, ырғалып билей жөнеліпті. Осылайша, түсірілім тәртібіне бағынғысы келмеген ерке құс, күй құдіретіне елітіп, таспада тамаша кадр тудырыпты. Фильмнің тұтас лейтмотивіне қызмет етіп қана қоймай, аққуларды билеткен Тілендиев туындысын құбылыс демей көріңізші енді! Сөз жоқ, Тілендиев – талант, ал «Аққу» – шедевр!
Риддер тұрғыны 2 жасар баласын балконнан құлатып алды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Әскери қызметші қарт кісіні өрттен құтқарып қалды
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтады
Экономика • Кеше
Ақтөбеде қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті
Аймақтар • Кеше
5375 адам шетелден әкелінген көлігін сәтті заңдастырды
Қазақстан • Кеше
Атырау облысында жол апатынан жолаушы қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Өзбекстан азаматынан психотроптық заттар тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды
Қазақстан • Кеше
Елімізде ет консервілерінің өндірісі артты
Экономика • Кеше
Таразда 19 жастағы қыз биік ғимараттан секіріп кетті
Аймақтар • Кеше
Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезек енгізілді
Қазақстан • Кеше
Павлодарда автобус пен екі автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Кеше
Елордада газель автокөлігі жанып кетті
Елорда • Кеше
Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі
Спорт • Кеше
Астаналық тұрғын ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады
Елорда • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды
ANTIKOR • Кеше
ШҚО-да алып бала дүниеге келді
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2023
«Барыс» клубы «Тракторды» жеңіп, плей-оффқа өтті
Теннис • 27 Қаңтар, 2023
Бокстан АЧ: Әскер боксшылары «алтын» және «қола» жүлде алды
Бокс • 27 Қаңтар, 2023
Сенатта мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізу мәселелері талқыланды
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 27 Қаңтар, 2023
Альбина Кәкенова Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды
Теннис • 27 Қаңтар, 2023
Алматыда жасөспірім қыз жол апатынан қаза тапты
Оқиға • 27 Қаңтар, 2023
СҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасына 190 квота бөлінді
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
«ҚазМұнайГаз» шетелдік активтерінің тиімділігін арттырады
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
Ұқсас жаңалықтар