«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры Владимир Петровтың төрағалығымен астық тасымалдау мәселелері бойынша ZOOM-кеңеске көлік және экспедиторлық компаниялар мен трейдерлердің 120 өкілі қатысты.
2022 жылдың жеті айында 5,1 млн тонна астық тиеліп, оның 4 млн тоннасы экспортталды. Ұн тиеу 2021 жылға қарай 21%-ға, яғни 1,6 млн тоннаға дейін өсті. Экспорт 38%-ға артты. Қазақстан астығын темір жол көлігімен экспорттауға барлық бағыт ашық. Тасымалдау процесін оңтайландыру үшін астық пен ұнтақталған өнімдерді маршруттық пойыздармен жөнелту ұсынылады. Бұл жүктерді жеткізу мерзімін қысқартуға және вагондар айналымын жеделдетуге мүмкіндік береді.
Кеңес барысында жүк жөнелтушілер тасымалдауды ұйымдастыру бойынша өз ұсыныстары мен сұрақтарын алға тартты. Астық тасымалдау үшін жылжымалы құрам тапшылығы тәуекелінің бары айтылды. Бұл вагондардың қазақстандық жекеменшік иелері бағамдық айырмашылыққа байланысты вагондарды жалға беру тиімдірек болғандықтан жылжымалы құрамды басқа темір жол әкімшіліктеріне бағыттайтынымен байланысты.