Саясат • 27 Тамыз, 2022

Өзара сауда көлемі 2 млрд долларға артпақ

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шолпан-Атаға жұмыс сапары аясында Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровпен екіжақты келіссөз жүргізді.

Өзара сауда көлемі 2 млрд долларға артпақ

Кездесу басында Әлихан Смайылов Ресей Федерациясының Ульянов облысында Қырғызстан азаматтарының көлік апатына ұшырап, қаза болуына байланысты көңіл айтты.

«Осындай ауыр кезде қайғылары­ңызға ортақпын, зардап шеккендер­дің тез сауығып кетуін тілеймін. Қазақ­стан Президенті және өз атымнан жақын­дарынан айырылған отбасыларға және жалпы бауырлас қырғыз халқына көңіл айтамын», деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы Қырғыз Рес­пуб­ликасы­ның бауырлас ел, сон­дай-ақ Қазақ­стан­ның өңірдегі негіз­гі саяси және экономи­калық әріп­тес­терінің бірі екенін атап өтті.

«Екі ел арасындағы ынтымақ­тастықтың барлық спектрі бойынша табысты өзара іс-қимыл жолға қойылған», деді Ә.Смайылов.

Премьер-Министр осы жылдың наурыз және мамыр айларында өткен мемлекет басшыларының кездесулері барысында екіжақты стратегиялық әріптестіктің алдағы бағыттары айқын­далғанын еске салды.

«Біздің негізгі мақсатымыз – мем­лекет басшылары қойған мін­дет­терді толық жүзеге асыру және қазақ-қырғыз ынты­мақ­­­тас­тығын одан әрі нығайту. Атап айт­қанда, өзара сауда көлемін 2 млрд дол­ларға дейін ұлғайту», деді Ә.Смайылов.