Экология • 28 Тамыз, 2022

Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жексенбі күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 28 тамызда Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Қостанай және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.