Тексеру барысында 57 жастағы азаматтың тұрғылықты мекен жайынан жалпы салмағы 47,5 кг болатын 636 түп есірткі өсімдігі тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі өсімдігі «сора» тұқымына жатады. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, күдікті бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған.