Аймақтар • 29 Тамыз, 2022

Ақадырға алаң сыйлады

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпкерлердің спорт саласын қолдауға айрықша көңіл бөліп жүретіні қуантады. Мұның өзі ел ішінде бұқаралық спорттың қанат жаюына игі септігін тигізеді деп сеніммен айтуға болады.

Ақадырға алаң сыйлады

Таяуда Шет ауданындағы Ақадыр кентіне «Қазсолар-50» ЖШС-і волейбол алаңын сыйға тартты. Бұл жоба Шет аудандық әкімдігі мен кәсіпорын ара­сын­дағы екіжақты меморандум аясында жүзеге асқан еді. Ақ­а­дыр­­лықтарды қуантқан волей­бол алаңы барлық заманауи та­лаптарға сай келеді. Оның ор­наласқан жері де әуесқойларға аса ыңғайлы: футбол және хоккей алаңдарының жанынан орын тепкен.

Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров бұл игілікті шаруаның дәл Балалар жылы аясында іске асқанына ризашылық біл­дірді. Ол бүгінде аудан кө­ле­мін­де во­лейболға деген қы­зығу­шы­лық­тың зор екенін атап өтті.

– Біздің ауданның балалары қазір спорттың осы түрімен құлшына айналысып, облыстық деңгейдегі түрлі жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр, – дейді аудан басшысы.

Ақадыр кентіндегі Ю.Га­га­рин атындағы мектеп-ли­цей­дің 11-сынып оқушысы Са­ламат Сым­батұлы заманауи алаң­ның пай­­далануға бе­ріл­геніне қуа­ныш­ты екенін жет­кізді.

– Волейбол алаңы керемет! Ең бастысы, біз өзіміздің сүйікті ойы­нымызбен алаңсыз ай­налысуға мүмкіндік алдық, деген ол спорт нысанын салып, тарту еткен аза­маттарға ал­ғыс айтты.

 

Қарағанды облысы,

Шет ауданы,

Ақадыр кенті