Аймақтар • 29 Тамыз, 2022

Тарихы қойылыммен айшықталған айтулы күн

321 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шымкенттіктер 30 тамыз – Конституция күнін атап өтті. Айтулы мереке қарсаңында мегаполистегі «Түркістан» сарайында салтанатты кеш ұйымдастырылып, іс-шараға зия­лы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері, қарапайым еңбек адамдары, депутаттар мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері және жастар қатысты.

Тарихы қойылыммен айшықталған айтулы күн

Мерекелік жиын дала демократиясы үстем құрған орта ғасырдағы қазақ қоғамының кө­рінісін бейнелеген шағын қо­йы­лыммен басталды. Қазақ­тың азулы Төле, Қа­зы­бек, Әй­те­ке билерінің Ұлы дала за­ңы­на сүйеніп, әділ шешім шы­­­ғар­ған, сот төрелігін жүзеге асыр­ған дәуірі көрсетілді. Кеш­тің рес­ми бөлігінде еліміздің Көк туы жа­уын­герлік саппен сахна тө­рі­не шығарылып, бүкіл зал толы халық қосылып айтқан Ән­ұра­ны­мыз шырқалды.

Содан соң мінберге көте­ріл­ген қала әкімі Мұрат Әйтенов барша жиналған жұртты Конс­ти­ту­ция күнімен құттық­тап, ізгі тілегін арнады.

– 30 тамыз – Конституция күнімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын. Биыл 27 жыл толып отырған Ата Заңның қабылданған күні елі­міз­дің ең қастерлі, ұлық мере­ке­сінің бірі. Конституция – елі­міздің заңдар ережелерінің құқық­тық негізін қалаған, бейбітшілік пен татулықты сақ­­тауға кепіл болған құнды құ­жат. Тарихқа үңілсек, хандар тұсында қазақтың құқықтық жүйесі қалыптасып, олардың орын­далуы билер тарапынан қада­ғаланып отырған. Ал 1995 жылы 30 тамызда бүкіл­ха­лықтық референдум нәти­же­сін­де Тәуелсіз Қазақс­танның Конституциясы қабылданды. Конституцияның арқасында Қазақ­­станның құқықтық мәрте­бесі асқақтап, әлемдік қауым­дас­тықтың белсенді мүшесіне айналды. Өмір болған соң уақыт өте келе барлығы да өзгереді. Сол секілді Ата Заңға да заман та­лабына сай жаңғыртулар керек болды. Осыған бай­ла­ныс­ты биыл 5 маусымда Конс­­ти­ту­цияға өзгерістер ен­гі­зуге орай референдум өтіп, соның ар­­қа­сында Басты Заңы­мыз­­дың үштен бір бөлігі қайта жаң­­ғырды. Енді Қазақстан жа­ңар­ған Конституциямен жаңа дәуірге қадам басты, – деген Мұрат Дүйсенбекұлы ха­лық пен билікті жақындата түс­кен, саяси реформалардың бас­тауы болған, ұлттық модернизацияның қайнар көзіне айналған Конституциямыз жасай берсін деген тілегімен баян­да­масын қорытындылады.

Осы күнгі мерекелік жиында Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің және кәсіподақтар төрағасы, Ұлттық құрылтай мү­шесі Бауыржан Әлтеев те жұрт­шылықты Ата Заңымыздың төл мерекесімен құттықтады.

Оның айтуынша, Негізгі Заң­ның арқасында елімізде әрбір азаматтың құқығы қор­ғалған. Бейбітшілікті сақ­тауда өлшеусіз үлес қосып отырған да еліміздің бас құжаты – Кон­с­титуция екені даусыз. Ата Заң барлық ере­женің түп қа­зы­ғы, негізі. Бүкіл заңдар соған барып табан тірейді. Ел­де­гі саяси өзгерістер, реформа­лар Ата Заңның аясында жү­зе­ге асуда. Әрі ол эко­но­ми­ка­лық жаңғырудың бас­ты ке­пі­лі. Қоғамдағы барлық іл­кім­ді жаңалықтың жаршысы Конс­ти­ту­циядан келіп шығады.

– Әрбір елдің азаматы бірін­ші кезекте өзінің құқығын білуі керек. Ал оның құқығын қор­­ғай­тын, елдің елдігін бел­гі­­лейтін ол – Ата Заң. Сон­дық­тан Конституцияның орны әр­қашан өзгеше болып тұрады. Қазақстан бас құжатты жеке-дара қабылдаған жоқ. Оның алдында АҚШ, Англия, Франция секілді мемлекеттердің Консти­ту­цияларын зерттеп, зерделеді. Сараптап, саралады. Соның не­гізінде адам құндылығын, демократия қағидасын бірінші орынға шығарған өзіндік Ата Заңын жасап шығарды. Әрине, Конс­титуция да өзгермей тұр­майды. Сұранысқа, жағ­даят­тар­ға қарай ол да мазмұнын түр­лендіріп отырады. Бұл жуырда елімізде өткен конс­ти­ту­циялық реформаға қа­тыс­ты айтылған әңгіме. Референ­дум­ның арқасында кезінде тек Парламенттің мақұлдауымен қабылданып кеткен Ата Заңның кейбір баптары алынып тасталды. Мұны демократияға, ха­лық­тық билікке қарай жасал­ған құтты қадам деп қабылдаған жөн, – деді Бауыржан Ілімше­ұлы.

Мерекелік іс-шара барысында өңір басшысы ерен ең­бе­гімен көзге түскен түрлі са­ла­дағы бір топ еңбек озаттарын марапаттады. Концерттік бағдарламаға ұласқан жиын со­ңында Шымкент қалалық мә­дениет үйінің өнерпаздары, «Қаратау» фольклорлық ан­сам­блі, Опера және балет теа­тры­ның симфониялық ор­кес­трі, «Қазына» би ансам­блі өнер көрсетсе, Қазақ­стан эстра­­да­сы­­ның шоқжұлдыз­да­­рының бірі «Алашұлы» тобы пат­риот­­тық әндерімен көпші­лік­ті тәнті етті.

 

ШЫМКЕНТ