Аймақтар • 29 Тамыз, 2022

Азат елдің айбыны

228 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өңірде Қазақстан Республикасының Конституциясы күні айрықша салтанатпен аталып өтті. Салтанатты іс-шара барысында «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауының облыстық кезеңінің, облыстық «Еңбек жолы», «Үздік волонтерлік жоба» байқауларының жеңімпаздары облыс әкімінің Алғысхаттарымен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Азат елдің айбыны

Дәл осы күні Көкшенің күз­гі ас­паны да жадырап, шуақ құ­йып тұр еді. Орталықтағы мәде­ниет сарайына Ата Заң күні­мен рухтанған, жарқын жүзді жұрт­шылық көп жиналды. Бірін-бірі Ата Заң күнімен құттықтап, мә­ре-сәре. Мәдениет сарайының кіре­берісіне тақырыптық көрме ұйым­дастырылыпты. Ата Заңның негізінде жүзеге асырылып жатқан сан шаруа қамтылған.

Мәнді мерекелік іс-шара тә­уел­сіз еліміздің тыңдаған жанның бойына мақтаныш сезімін сыйлап, өлшеусіз күш-қуат құятын Ән­ұран­мен ашылды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев қауымды Кон­ституция күнімен құттықтай келе, ізгі тілегін жолдады. Ол өз сөзінде Қазақстан халқы дәстүр сабақтастығын жалғастырған, өзін еркіндік пен теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам ре­тінде танытып отырғандығына тоқталды.

Бүгінде Қазақстан посткеңес­тік кеңістіктегі мемлекеттердің арасында көшбасшы елдердің бірі болып табылады. Алға ұмтылған азат елдің қол жеткізген тола­йым табыстарына ақмолалық­­тар да зор үлес қосуда. Мемле­кет­тік қолдаудың арқасында өңір­дің ішкі жалпы өнім көлемі қарқынды дамуда. Осы арада бір ғана мысал келтіре кетелік, 2020 жылы өнеркәсіп өндірі­сі­нің көлемі 1 триллион теңгені құраса, үстіміздегі жылы бұл көрсеткіш 1 триллион 300 миллиард теңге көлемінде болады деп межеленуде. Астықты өңір әр­бір екінші комбайнды, әрбір екін­ші тракторды, құс етінің үштен бірін өндіреді. Бүгінгі таңда облыс жартылай өңделген алтын өндірісі бойынша еліміздің алдыңғы қатарына шығып отыр. Сәл таратып айтатын болсақ, алтынның әрбір үшінші тоннасы, полипропилен мен полиэтиленнен жасалған барлық буып-түйіп заттарының бесінші бөлігі, әрбір оныншы кірпіш біздің өңірде дайындалады.

Облыста төрт ірі алтын өндіру компаниясы, екі уран өндіру және қайта өңдеу кәсіпорны орна­лас­қан. Тамылжыған табиғаты та­мам елге белгілі, туристік бизнес­ті айрықша қарқынмен дамы­туға арналған Щучинск-Бура­бай курортты аймағының ажары жыл өткен сайын жақсарып келеді. Индустрияландыру кар­тасын іске асыру аясында соңғы 12 жылдың ішінде облыста 440 миллиард теңгеден астам соманы құрайтын 113 жоба жүзеге асып отыр. Өткен жылы қаржыландырудың бар­лық көздері есебінен 700 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салу көзделген. Тілге тиек етіп отырған бұл көрсеткіштер өңір­дегі жарқын жетістіктердің бір парасы ғана.

Салтанатты жиын барысында облыстың әлеуметтік-эконо­микалық саласын дамытуға зор үлес қосып, өздерінің ақ адал еңбегімен өзгеге үлгі-өнеге болып жүрген озаттар Алғысхат­пен марапатталды. «Мерейлі от­­басы» жалпыұлттық бай­қауы­ның облыстық кезеңінің жеңім­паздары санатындағы 7 отбасына 500 мың теңгеге дейін сый­лық табыс етілді. Бас жүлдеге Ақкөл ауда­нында тұратын Бөжен Құрметбектің отбасы лайық деп танылды.

Мерейлі мереке соңы облыс­тағы шығармашылық ұжым­дар­дың концертіне ұласты.

 

Ақмола облысы