Теннис • 31 Тамыз, 2022

Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының келесі айналымына шыға алмады

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы А ҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының келесі айналымына шыға алмады

Е.Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 131-орында тұрған франциялық Клара Бюрельмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда франциялық спортшы басым түсті - 6:4.

Клара екінші сетте бірден 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры сол қарқынынан жаңылған жоқ - 6:4.

Осылайша, қазақстандық спортшы қарсыласына есе жіберді.

Бір жарым сағатқа созылған матчта Е.Рыбакина 4 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Клара Бюрель 4 эйспен бірге 3 брейк-пойнтты түгел өз есебіне жазды.