Оқиға • 31 Тамыз, 2022

Қазақстан шекарасынан заңсыз өткен қырғызстандық ұсталды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан ҰҚК әскери қызметкерлері қырғызстандық азаматты ұстады деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан шекарасынан заңсыз өткен қырғызстандық ұсталды

Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының мәліметінше, 1988 жылы туған Ыстықкөл облысы Түп ауданының азаматы шекара маңында ұсталған. Ол мал бағумен айналысқан. 

«Бұл азамат қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін ұсталып, Қаскелең қаласындағы Алматы облысына қарасты №1 арнайы уақытша ұстау абақтысына қамалды», деп жазылған Қырғыз республикасының СІМ таратқан хабарламасында.

Қазір Қырғыз Республикасының Бас консулдығы оған құқықтық көмек көрсетіп жатыр.