ANTIKOR • 31 Тамыз, 2022

«Еңбек-Қызылжар» кәсіпорнының басшысы парамен ұсталды

3985 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» ШЖҚ «Еңбек-Қызылжар» РМК филиалында жемқорлық фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz Антикорға сілтеме жасап.

«Еңбек-Қызылжар» кәсіпорнының басшысы парамен ұсталды

«2022 жылғы 23 тамызда мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша сотталғандар үшін азық-түлікті қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін осы мекеменің басшысы жеке кәсіпкерден пара алған кезде ұсталды. Күдікті Петропавл қаласының УҰИ-не қамалды», делінген хабарламада.

Кінәнің толық танылуын және сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүргізу туралы келіп түскен өтінішхатты ескере отырып, тергеу соты оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Кінәлілік дәрежесін сот анықтайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.