Елорда • 31 Тамыз, 2022

Елордада Конституция күніне арналған веложарыс өтті

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында Конституция күніне арналған жаппай веложарыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада Конституция күніне арналған веложарыс өтті

Кәсіби мамандар мен велоспорт әуесқойлары 20 шақырымды еңсерді. 20-шы шақырымда әртүрлі жастағы 700-ге жуық велошабандоз Қосшы жаққа қарай айналып өтіп, Үркер (Ильинка) тұрғын алабының саябағында мәреге жетті. Жарыс аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды.

г

«Жыл сайын қыста шаңғы, ал жазда велосипед тебуге қатысамыз. Түрлі марафондарға да қуана қатысамыз. Жұбайым 21 км жүгіріп өтті, ал мен 10 км жүгірдім. Жақында отбасымызбен «Сен менің жүрегімнің чемпионысың» марафонына қатыстық. Менің балаларым екі шақырым жүгірді, ал біз 10 шақырым жүрдік», деді велошеруге қатысушы Айнаш Жақыпова.

р

Велошерудің басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және қала тұрғындарын белсенді дене шынықтырумен, атап айтқанда велоспортпен айналысуға тарту.

н

Айта кетсек, бұл мереке күндері өткізілген жалғыз спорттық іс-шара емес. Елорда тұрғындары мен қонақтары орталық саябақтағы шаңғы-роллерлік трассада өткен скандинавиялық жүріс фестиваліне де белсене қатысты.