«Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігі Түркі академиясын Моңғолияда жүргізген Номғон ғылыми экспедициясының нәтижесінде тапқан құнды тарихи олжасымен құттықтады. СІМ хатында жаңадан табылған Елтеріс Құтлық қағанның кешені мен жазуын ғасыр жаңалығы деп жоғары баға берді. Өз кезегінде Түркі академиясы Түркия СІМ жылы лебізі мен қолдауы үшін зор ризашылығын білдіреді», деп жазылған хабарламада.