Медицина • 01 Қыркүйек, 2022

Лобри-Пецци синдромы: Сирек кездесетін сырқатқа душар болған сәбиге операция жасалды

413 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда алматылық кар­диохирургтер сирек кездесетін кеселмен туған 4 жасар қызға күрделі операция жасады. Бұл операция Перинатология және балалар кардиохирургия­сы орталығында міндетті әлеу­меттік медициналық сақтан­дыру есебінен жүзеге асты.

Лобри-Пецци синдромы: Сирек кездесетін сырқатқа душар болған сәбиге операция жасалды

Айта кету керек, кішкен­тай пациент туабітті жүрек ке­міс­тігімен дүниеге келген­дік­тен, туған кезінде бірден қос қол­қа доғасына операция жа­сал­ған екен. Бұл жолы қала дәрі­герлері 4 жаста­ғы науқас сирек кездесетін Лобри-Пецци синдромына шал­дық­қандықтан, екінші рет хи­рургиялық операция жа­сау­ға шешім қабыл­дады. Лобри-Пецци синдромы деп отырғанымыз – қа­рын­шалық перде ақауының аорта қақ­пақ­ша­сының жеткі­лік­сіздігі­мен үй­­лескен туабітті жүрек ке­міс­тігі. «Операция кезінде жүрек­тің көлемі едәуір үл­кейіп, ке­ңе­йіп кеткені белгілі болды. Опе­рация барысында жүрек тоқтатылып, жасанды қан айналым аппараты пайдаланылды», дейді кардиохирург Абай Сұртай.

Дәрігердің айтуынша, ­аорта қақпағына жақын орна­лас­қан кемістікті түзету аса қиын­ға соққан. Дегенмен операция сәтті өтті, бүгінде балдырған бө­лімшеге ауыс­тырылды.

Перинатология және бала­лар кардиохирургиясы орта­лығында МӘМС пакетіне кіре­­тін жоғары технологиялық операциялардың жүрек ал­мастырудан басқа барлық түрі жасалатынын атап өткен жөн. Жыл басынан бері орта­лық кардиологтері 100-ден астам операция жасаса, олар­дың арасында бір жасқа толмаған 55 сәби бар.

Алматыда жаңа туған нә­рес­телердің өлім-жітімі жо­­ғары болғандықтан, Пери­натология және балалар кардиохирургиясы орталығы­на тамыз айында қала әкімі Ербо­лат Досаев арнайы бар­ған болатын. Жыл сайын ор­та­лықта 12 мыңнан астам медициналық көмек көрсе­ті­­леді, мамандар жоғары қауіп­тілік санатындағы 9 мыңнан пациентті босандырады. Бұл санатқа салмағы өте аз, туа біт­кен жүрек ауытқулары мен басқа патологиялары бар бала­­лар жатады. Орталықта балаларды күтетін және орта есеппен жылына 150-200 кар­ди­о­­хирургиялық операция жасайтын білікті кадрлар бар.

Алайда орталықтың қол­­даныстағы инфрақұ­ры­лымы, әсі­ресе операциялық-реа­ни­мациялық бөлімшелері мен емханасы күрделі жөн­деу мен жаңғыртуды талап етеді. Операциялық бөлме­­лер­де желдету жүйесі мүл­дем істемейді. Жылыту жүйе­лерін, кәріз құбырларын, шатыр, лифтілерді жөндеу мен ауыс­тыруға тура келеді.

Қала әкімі Ерболат Досаев қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қаланың құры­лыс басқармасымен бірле­сіп, 2023 жылы құрылыс-мон­таж жұмыстарына кірісу мақсатында осы мәселелерді кешенді шешу үшін қажетті қаражатты қарастыру мен жобалау жұмыстарын жүр­гізуді тапсырды.

 

АЛМАТЫ