Теннис • 01 Қыркүйек, 2022

Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатында жеңіліп қалды

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (әлемнің 47-ракеткасы) Нью-Йоркте өтіп жатқан US Open турнирінің екінші айналымда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші 1/32 финалда Испания өкілі Пабло Каррено-Бустамен (әлемнің 15-ші ракеткасы) кездесіп, төрт сетте 6:4, 4:6, 3:6, 6:7 есебімен ойнады. Кездесу үш сағат бір минутқа созылды.

Тартысты бәсеке барысында Бублик 28 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың екеуін ғана пайдаланды. Қарсыласы 5 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

Бұған дейін Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина жарыстың бірінші раундында әлемнің 131-ракеткасы француз Клара Бурелден  жеңіліп қалған болатын.