Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2022

Шекараға интеграцияланған кедендік бақылау тәсілі енгізіледі

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында алдағы уақытта сырттан көлік әкелудің барлық заңсыз арналарына тосқауыл қою керегін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шекараға интеграцияланған кедендік бақылау тәсілі енгізіледі

Сондықтан да шекараға интеграцияланған кедендік бақылау тәсілін енгізу қажеттігін жеткізді. 

«Келесі мәселе. Тексерушілердің тым көптігі. Олардың теріс әсер еткені белгілі. Сондықтан, шекараға интеграцияланған кедендік бақылау тәсілін енгізу қажет. Кедендік рәсімдеу орталықтары «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуге тиіс», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.