Әлем • 01 Қыркүйек, 2022

Австралия Синдзо Абэні қайтыс болғаннан кейін марапаттады

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Австралияның ең жоғары наградаларының бірі саналатын «Достық» құрмет ордені Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қайтыс болғаннан кейін берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Австралия Синдзо Абэні қайтыс болғаннан кейін марапаттады

Австралия үкіметі Абэні «бірінші дәрежелі мемлекет қайраткері» деп атады. Олар оны екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтерді деп бағалап отыр. 

Хабарламада бұл марапатты көзі тірісінде  Абэнің өзі алуға келіскені айтылған.

Австралия үкіметі Абэнің Үнді-Тынық мұхиты аймағына деген көзқарасы мен «Төрттік қауіпсіздік диалогындағы»  көшбасшылығы үшін жоғары бағалаған.