Әлем • 02 Қыркүйек, 2022

Тәуелсіз көшбасшы ретіндегі ұстанымын нығайтады

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Пре­­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаев алда­ғы айларда мерзімінен бұрын сайлауды бел­гі­леп, екінші мерзімге сайлауға түсуді жоспар­лап отыр. Бұл туралы ол жыл сайынғы Жол­дауында мәлімдеді.

Тәуелсіз көшбасшы ретіндегі ұстанымын нығайтады

Қ.Тоқаев мұнайға бай Орталық Азия елінде келесі жылдың басында мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізуді де ұсынды. Бұл қадам биылғы қаңтардағы зорлық-зомбылық пен конституциялық референдум мен бұрынғы президент Н.Назарбаевтың биліктен кетуімен байланысты.

Тоқаев 2019 жылы Назарбаев отыз жылға жуық билікте отырғаннан кейін кенеттен биліктен кеткен кезде бесжылдық мерзімге сайланды. Алдағы сайлауда Қ.Тоқаев жеңіске жетсе, оның тәуелсіз көшбасшы ретіндегі ұстанымын нығайтады. Сондай-ақ Қ.Тоқаев президенттік өкілеттігін бес жылдан жеті жылға дейін ұзарту, болашақ президенттердің бір мерзімнен артық сайлауға түсуіне тыйым салуды ұсынды.