Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2022

Қазақы тұқымдарды сақтау жайы қаралды

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Іс Басқармасына жеті қазынаның бірі – қазақы тазы мен төбет тұқымдарын сақтау жұмысын қолға алуды тапсырды.

Қазақы тұқымдарды сақтау жайы қаралды

Осыған орай Президенттің Іс Басқа­рушысы Айбек Дәдебаев бұл жұ­­мысқа тартылған және мүд­­делі тараптардың қатысуымен жиын өткізді. Басқосуда қазір­гі уақытта тазы мен төбет тұқы­мы­ның тазалығын сақтау ісі сын көтер­мейтіні айтылды. Жұмыс жүйелі жүргізілмеген.

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Ауыл ша­руа­шылығы министр­лігі­нің, Ғылым және жоғары білім министр­лігінің, Прези­дент­тің Іс Бас­­қармасы жанын­дағы Парла­мен­таризм инсти­тутының, сондай-ақ «Қансо­нар» республикалық қауымдастығының өкілдерінен жасақталған жұмыс тобын құру туралы шешім қа­былданды. Жұмыс тобы Қазақстанның барлық аймақ­тарында таза қанды тазы мен төбеттің генофондын ғылыми-зерттеуді нысаналы қаржыландыру мүмкіндіктерін тауып, мемлекеттік қолдау түрлерін қарастыруға тиіс. Сондай-ақ сақтау және қалпына келтіру бойынша заңнамалық нормалар пакетін әзірлеуі керек.

Халықаралық кинологиялық орталықта (FCI) тазы мен төбеттің шыққан елі ретінде Қазақ­станды көрсету де мәселе болып отыр. Президент нұсқауы бойын­ша бұл жұмысқа Сыртқы істер ми­нистрлігі, ал жеті қазына­ның бірі саналатын ұлттық байлы­ғы­мызды түрлі шаралар арқылы насихаттауға Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетуге тиіс.