Құжат мазмұнында оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың дайындық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптар айқындалады.
Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі: 5-ші сыныпта - 30 сағаттан, 6-шы сыныпта - 30 сағаттан, 7-ші сыныпта - 33 сағаттан, 8-ші сыныпта - 34 сағаттан, 9-шы сыныпта - 35 сағаттан аспайтыны белгіленеді.
Сонымен қатар, орта білімнің қол жетімділігіндегі теңсіздікті азайту аясында ауыл оқушыларының білім сапасын арттыру жүктемесі азаяды, ол үшін сыныпты ауыл оқушыларының топтарына бөлу енгізіледі.
Қалалық оқушылар үшін де топтарға бөлу қарастырылған.
Мәселен, бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты қалалық жалпы білім беру ұйымдарында сыныптарды 24 және одан да көп адамға, ауылдық жерлерде 20 және одан да көп оқушыға толтырған кезде сыныптарды екі топқа бөлуді көздейді:
Бұл ретте сыныпты екі топқа бөлуге қалалық жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында сыныптарды 24 және одан да көп білім алушылар, ауылдық жерлерде – 20 және одан да көп білім алушылар орыс тілінде оқытпайтын сыныптарда орыс тілі бойынша толтырған кезде жол беріледі.
Сондай-ақ құжатта шектеу іс-шаралары, карантин енгізу, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде сыныпты топтарға бөлу бір сыныпта 15 білім алушыны толтыра отырып, барлық оқу пәндері бойынша жүргізілетіні көрсетіледі.
Негізгі орта білім беру мен жалпы орта білім беру үшін де осындай жалпыға міндетті стандарттар енгізіледі.
Білім министрлігінің мәліметінше, республикада 6942 күндізгі мемлекеттік мектеп жұмыс істейді, оның 5159-ы (74%) ауылдық жерлерде орналасқан.
Құжат 14 қыркүйекке дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.