Білім • 02 Қыркүйек, 2022

Қазақстандық студент Обама қорының тұңғыш стипендиаты атанды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Обама Қорының стипендиаттары» (the Obama Foundation Scholars program) беделді бағдарламаларының бірі Динара Әуелбековаға және басқа елдердің жас көшбасшыларына Колумбия және Чикаго университеттерінде оқуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық студент Обама қорының тұңғыш стипендиаты атанды

Динара Әуелбекова Назарбаев Университетінің экономика бойынша бакалавриатын бітірген және Женева бизнес мектебінің халықаралық менеджмент саласындағы іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі бар. 2021 жылы «Girls Power Fund» қорын құрды.  Осы уақыт ішінде 700-ден астам жоғары сынып оқушылары мен жас әйелдер кодтау, веб-әзірлеу және жобаларды әзірлеу бойынша практикалық тәжірибе алды.

Жобалар негізінде оқыту әдіснамасын пайдалана отырып, Динара ұйымы ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) саласында техникалық және көшбасшылық дағдыларды дамытуға бағытталған 20 мамандандырылған бағдарлама өткізді. Оқу жоспарын әзірлеу кезінде бағдарламаға қатысушылардың мүдделері, ұмтылыстары мен қажеттіліктері ескерілді.

«Girls Power Fund» фонды көптеген жас әйелдер қашықтықтан оқытуды бала күтімі міндеттерімен бірге алып жүруге мәжбүр болған COVID-19 пандемиясы кезінде, тегін репетиторлық бағдарламаны іске қосты. 

Динара сондай-ақ «Еуразия» қорымен, Қазақстандағы БҰҰДБ және Германияның сыртқы мәдени байланыстар институтымен бірлесіп жобаларды басқару бойынша халықаралық кеңесші ретінде жұмыс істейді.

«Обама Қорының стипендиаттары» бағдарламасы (The Obama Foundation Scholars program) өз қызметінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізген болашақ көшбасшыларға академиялық және практикалық оқытуды біріктіретін тереңдетілген оқу бағдарламасының арқасында жаңа деңгейге шығуға, проблемаларды шешудің жаңа құралдарына қол жеткізуге және әлеуметтік шеңберді кеңейтуге мүмкіндік береді.