Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2022

Таразда қару-жарақ сақталған қойма табылды

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қаладағы көпірлердің бірінің астынан қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қоймасын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда қару-жарақ сақталған қойма табылды

«Полиэтилен пакетінен МП-79-9 травматикалық тапаншасы, белгісіз маркалы 2 тапанша, 1 граната, 5,45 мм калибрлі 22 патрон, 9 мм калибрлі 27 патрон, 12 калибрлі 5 патрон, Макаров маркалы тапанша табылды», деді облыстық ІІД.

Сот-баллистикалық сараптама тағайындалғаны атап өтілді.

«Жамбыл облысының полиция департаменті қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жерін хабарлаған немесе полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі», деп қосты полицейлер.

Еске салайық, Қазақстанда тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 2 мыңнан астам қару іздестірілуде.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35