Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2022

Ақмолаға көгілдір отын келді

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аршалы ауданындағы кейбір тұрғын үйлер «Сарыарқа» магистралды газ құбырына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмолаға көгілдір отын келді

Шынтуайтында, қысы қатты өңір үшін жағымды жаңалық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  тапсырмасына орай, әрі Үкіметтің қолдауының арқасында өңірге газ жеткізілді. Қазір бұл жұмыс кезең-кезеңімен атқарылуда.

«Бірінші кезеңде біз 20 елді мекенді көгілдір отынға қосамыз, бар жұмысты тиянақты атқарып жатқан «ҚазТрансГаз Аймақ»  акционерлік қоғамының өнімді ісіне ризашылық білдіруге болар. Екі жыл ішінде мың шақырымға жуық құбыр тартылып, табиғи газ өткізілді. Аршалы ауданындағы бес елді мекеннің тұрғындары желіге қосылды», деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев тарихи сәтке орайластырып өткізілген салтанатты рәсімде.

ч

«Біз көпбалалы отбасымыз, үйімізге алғашқылардың бірі болып газ тартылғанына қуанып отырмыз. Мемлекеттің қамқорлығына мың алғыс», дейді аудан тұрғыны Валерий Семенков.

з

2019 жылы өңірдің 17 елді мекенін газ құбырына қосу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленген болатын. Сөз арасында пайдалануға берілген «Аршалы» автоматтандырылған газ тарату станциясының өткізу қуаты сағатына 15000 текше метр екендігін айта кетелік. Барлығы 345 шақырымнан астам газ желісі тартылған. 2023 жылы ауданды газдандырудың соңғы кезеңі Жібек жолы ауылында жүзеге асырылады. Бес газ реттегіш блокты пункттерді орнату арқылы 230 шақырым газ  тарату желілері іске қосылады.

Осылайша, 2020-2023 жылдары аралығында аудан бойынша 574,66 шақырым газ құбыры пайдалануға берілмек. Табиғи газ 8230 тұрғын үйге жеткізіледі.