Пәкістанда маусым айының ортасынан бері жалғасып келе жатқан су тасқынынан кемінде 1208 адам қаза тауып, 6082 адам зардап шекті. Бұл туралы бейсенбі күні кешке жарияланған Төтенше жағдайларды басқару ұлттық басқармасының (NDMA) баяндамасында айтылған.
Пәкістанның денсаулық сақтау қызметі ең көп зардап шеккен аймақтарда түрлі аурудың өршіп, оның ішінде тері және ішек инфекциялары тарай бастағанын ескертеді.
Жалпы алғанда, осы жазда Пәкістанда болған су тасқыны 33 миллион адамға зардабын тигізді және 1 миллионға жуық үйді қиратып, зақымдады. Бастапқы есеп бойынша шығын 10 миллиард долларға жеткен.