Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2022

Маңғыстаулық тұрғыннан 152 келі бекіре балығы тәркіленді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау – Форт-Шевченко тасжолында келе жатқан көлікті тоқтатып, тексеру барысында 152 келі бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстаулық тұрғыннан 152 келі бекіре балығы тәркіленді

«31 тамыз сағат 22:50 шамасында Полиция департаменті ротасының қызметкері Ақтау - Форт-Шевченко тасжолының 100/32 шақырымында Mitsubishi Delica автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында 152 келіні құрайтын 34 дана бекіре тұқымдас балық анықталып, тәркіленді», деді Полиция департаментінен.

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін кінәліге қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.