Теннис • 03 Қыркүйек, 2022

Жібек Құламбаева Алматы турнирінің финалына жолдама алды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Алматы ITF W25 турнирін сәтті өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Жібек Құламбаева Алматы турнирінің финалына жолдама алды

Жібек Құламбаева жекелей сында ширек финалда ресейлік Анастасия Золотареваны тас-талқан етті – 6:0, 6:4. Жібек финалға шығу үшін Беларусь өкілі Дарья Хомутянскаямен таласады.

Құламбаева сондай-ақ жұптық сында ресейлік Екатерина Яшинамен бірге финалға шықты. Қазақстандық-ресейлік жұп жартылай финалда үндістандықтар Чаудхари Вайдехи – Шривали Бхамадипатиді тізе бүктірді – 6:4, 3:6, 10:7.

Соңғы бәсекеде Жібек пен Екатерина ресейліктер Амина Аншба – Софья Лансере немесе Екатерина Маклакова – Александра Поспелова жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.