Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2022

Орман өрті бойынша волонтерлер жасақталады

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ертең AMANAT партиясының мүшелері мен «Жастар Рухы» қатарынан волонтерлер жасақталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орман өрті бойынша волонтерлер жасақталады

«Қостанай облысында болып жатқан табиғи апат баршамызды алаңдатып отыр. Жағдай Мемлекет басшысының жеке бақылауында.

Ертең партия мүшелері мен «Жастар Рухы» қатарынан волонтерлер жасақталып, апаттан зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсететін болады. Бұдан бөлек таңертеңнен бастап AMANAT партиясының өңірлердегі филиалдарында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылады.

Жағдайдың тезірек тұрақталуын тілейміз. Біз қостанайлықтармен біргеміз және бұл сынақтан бірге өтеміз!», деп мәлімдеді Мәжіліс төрағасы.