Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2022

Елді мекендердегі өрт сөндірілді - Юрий Ильин

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кешкі брифингте Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин орман өртін сөндіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елді мекендердегі өрт сөндірілді - Юрий Ильин

«Сағат 18:00-де жағдай әлі өзгерген жоқ, бірақ біршама тұрақтылық байқалады. Қазіргі сәтте өрттің тұрғын үйлерге таралу қаупі жоқ. Елді мекендердегі өрт толығымен сөндірілді. Қазір біз орман аймағындағы өртті азайту үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз», деді Юрий Ильин. 

Айта кетейік, ормандағы өртті сөндіруге 193 техника, 7 ұшақ, 5 өрт сөндіру пойызы мен 1 475 жеке құрамның күштері мен құралдары жұмылдырылған.