Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2022

Әділғазы Бергенев лауазымынан босатылды

2129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әділғазы Бергенев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Әділғазы Бергенев лауазымынан босатылды

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әділғазы Сәдуақасұлы Бергенев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.

Әділғазы Бергенев 1958 жылы 15 мамырда Семей облысында дүниеге келген.

Түрлі жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарған, Семей қаласының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімі, әкімнің орынбасары, бірінші орынбасары болған.