Оқиға салдарынан 10 адам қаза тауып, тағы он бесі ауруханаға жеткізілген. Полиция мәліметінше, зардап шеккендер тағы көбеюі мүмкін.
RCMP комиссарының көмекшісі Ронда Блэкмордың айтуынша, өлі және жараланған адамдар қаланың әртүрлі жерінен табылған.
Полиция кейбір адамдарға шабуыл жоспарлы түрде жасалғанын, қалғаны кездейсоқ шабуылға ұшырағанын айтты. Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар күдіктілерді іздестіріп жатыр.
Жергілікті билік Джеймс Смит ауданында төтенше жағдай жариялады.