Қоғам • 05 Қыркүйек, 2022

Қостанайдағы өрт: Елордадан сегіз жүк көлігі жөнелтілді

4167 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанай өңіріне гуманитарлық жүгі бар сегіз жүк көлігі жөнелтілді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қостанайдағы өрт: Елордадан сегіз жүк көлігі жөнелтілді

4 қыркүйек күні кешке Amanat партиясының астаналық бөлімшесі ғимаратының алдында Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін гуманитарлық жүгі бар 8 жүк көлігі жиналды.

Гуманитарлық көмекті жеткізу үшін Қостанай облысына Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров барды.

«Біз бұл іс-шараны қала басшылығының, партияның тапсырмасы бойынша, «Жастар рухы» жастар қанатымен, елорда еріктілерімен бірлесіп бастадық. Кешеден бастап біз әлеуметтік желілерде қалалық штаб пен арнайы қор құрылғаны туралы ақпарат тарата бастадық. Сондай-ақ гуманитарлық көмек көрсету мәселелері бойынша жүгінуге болатын телефон нөмірлерін көрсеттік. Қала кәсіпкерлері бірден жауап қайтарып, көліктерін ұсынды. Қол ұшын созғысы келген қала тұрғындары ең қажетті заттарды алып келді, бұл гигиеналық құралдар, сабын, сусабындар, майлықтар, ал өнімдерден - ұн, жарма, қант пен сусындар. Бір күнде біз 8 жүк көлігін жинадық. Тауарлар мен заттарды жинау әлі де жалғасуда. Таңертең біз елордаға қайта оралуды жоспарлап отырмыз және жүк көліктері толған соң, оларды қайтадан апат аймақтарына жібереміз», деді Қайрат Қамбаров көліктердің аттануы алдында.

.

Қаланың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров өрттен зардап шеккендерге қажетті заттардың қалай жиналғаны туралы айтып берді.

«Қала кәсіпкерлері жалпы қайғыға бей-жай қарамай, өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйғарды. Осылайша біз қажетті заттар мен өнімдерді жинаумен айналыстық. Таңертеңнен бастап өрт сөндірушілерге жүк жеткізумен айналысқан қаланың барлық кәсіпкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз», деді Қуаныш Сапаров.

ү

Еске сала кетсек, Қостанай облысында өрт кезінде зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау Қазақстан халқы ассамблеясында да ұйымдастырылды. Қажетті заттарды қабылдау 5 қыркүйекте басталды. Барлық сұрақтар бойынша көрсетілген телефон арқылы хабарласуға болады: + 7 702 481 20 38, +7 701 466 0345.