Лиз Трасс партия мүшелерінің 81,3 мың дауысына ие болды. Ал бұрынғы қаржы министрі Риши Сунак 60,4 мың дауыс жинады.
Басылым мәліметінше, Трасс пен Джонсон 6 қыркүйекте Шотландияға барады, онда билікті ресми түрде беру үшін патшайым Елизавета II-мен кездеседі. Джонсон ресми түрде қоштасу сөзін сөйлеп, отставкаға кететінін жариялайды.
Сондай-ақ, Трасс Лондонға оралып, Даунинг-стритте сөз сөйлеп, министрлер кабинетін тағайындайды.
Лиз Трасс – Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі. Ол Қоршаған орта, азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрі, Әділет министрі қызметтерін қоса атқарды және Тереза Мэйдің бірінші кабинетіндегі тұңғыш әйел лорд-канцлер.