14 Мамыр, 2014

Сенат отырысының күн тәртібі белгіленді

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Сенат бюросы палатаның 15 мамырдағы отырысының күн тәртібін пысықтады, деп хабарлады  Сенат баспасөз қызметі.  Сенат отырысында бес мәселені қарау жоспарланды. Депутаттар әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы Қазақстан мен Ресейдің келісімін ратификациялау туралы заң жобасын, «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» заң жобасын және заңнамаға инновациялық клас­тер мәселелері бойынша тиісінше түзетулер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарайтын болды. Сенаторлар заңнамаға қыл­мыс­тық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарауды көздеп отыр.