Оқиға • 06 Қыркүйек, 2022

Алматыдағы оқу орындарының бірінен өрт шықты

6103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының екінші қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыдағы оқу орындарының бірінен өрт шықты

Қалалық ТЖД мәліметінше, 6 қыркүйек күні сағат 14:04-те өрт сөндіру қызметі Алатау ауданы, Нұрпейісов көшесі 2а мекенжайы бойынша оқиға орнына барған. 

«Өрт сөндірушілер хабарлама түскеннен кейін бес минут ішінде  оқиға орнына жетті. Олар келгенде үш қабатты кеңсе ғимаратының екінші қабатындағы 45 шаршы метр жер өртеніп кеткен. Өрт 14:23-те оқшауланып, 14:43-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», делінген хабарламада.

Айта кетейік, өртті сөндіруге 14 техника мен жеке құрамның 47 адамы жұмылдырылған.