Спорт • 06 Қыркүйек, 2022

Қазақстандықтар үміт артатын жас спортшылар

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық турнирлерде бақ сынап, Қазақстан намысын қорғаған спортшыларымыз жүлделі болып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтар үміт артатын жас спортшылар

Мәселен, Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында үшінші орынға ие болды. Ол Азия чемпионатының медалін жеңіп алған тұңғыш қазақстандық азамат. 

н

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 жасар спортшыны жеңісімен құттықтап, келешекте жаңа жарқын жеңістерге жетуіне тілектестік білдірген еді.

Байдарка мен каноэде есу спорты түрінен Мария Бровкова 1 000 метр қашықтықта алтын және 500 метр қашықтықта қола медаль жеңіп алғаны да еліміз үшін үлкен абырой.

ка

Дамир Тоқтаров құзға өрмелеу бойынша АҚШ-та өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында үшінші орын иегері атанды. 

в

Ал Болгарияда дойбыдан әлем чемпионаты өтті. 9 жасқа дейінгі рапид номинациясында Алтынай Саматова әлем чемпионы атанды, 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында күмісті Айбек Есенғалиев, 20 жасқа дейінгі жастар арасында қоланы Есбол Еренғайып жеңіп алды.

г

Блицте 27 жасқа дейінгі санатта Алтынай Жұмағалдиева әлем чемпионы атанса, Алтынай Саматова да алтын медаль жеңді. 17 жасқа дейінгі санатта Тоғжан Тәжібекова күміс медаль жеңіп алды.

Жастар арасындағы әлем чемпионаты кезінде ерлер мен әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты да қатар өтті. Онда Алтынай Жұмағалдиева мен Тоғжан Тәжібекова екі номинацияда, яғни блиц пен классика бойынша қола жүлдегер атанды.