Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2022

Көктөбе бөктерінде өрт шықты

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Көктөбе ауданында қураған ағаштар өртеніп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көктөбе бөктерінде өрт шықты

Оқиға орнында түсірілген бейнеролик әлеуметтік желіде тарап жүр.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, сағат 18:58-де өрт сөндірушілер Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі мекен-жайына жіберілді.

«Табиғи өртті 100 адам, 8 техника сөндіріп жатыр. Өрттің жеке тұрғын үйлерге таралу қаупі бар екені хабарланды», делінген ТЖД хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар