Қоғам • 07 Қыркүйек, 2022

Волонтерлер белсенді

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдағы тілсіз жаудан зардап шеккендерге көмек көр­сету және қалпына келтіру жұмыстарында волонтерлер де бел­сенділік танытуда. «Ұлттық волонтерлік желі» бірлестігі және Birgemiz волонтерлер фронт-офисінің мүшелері әдеттегідей маңызды жұмыстардың басы-қасында жүр.

Волонтерлер белсенді

«Ұлттық волонтерлік желі» бірлестігінің атқарушы директоры Татьяна Миронюктің айтуынша, өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында әр өңірде арнайы штаб құрылған. Қостанай қаласының өзінде волонтерлердің көмегімен 18 гуманитарлық кө­мекті қабылдау бекеті іске қосыл­ған. Ол жерден өрттен зардап шек­кен елді мекендерге қажетті заттар жөнелтіліп тұрмақ.

Белгілі болғандай, қазіргі уа­қыт­та азық-түлік пен киім жет­кі­лікті мөлшерде жиналған. Әулиекөл ауданындағы гума­ни­тар­лық көмекті қабылдау пунк­т­тері толып, жан-жақтан келген жүк көліктері Қостанай қаласындағы сақтау орындарына жөнелтілуде.

«Қостанайлықтар барлық во­лон­терлерге үлкен алғыстарын біл­діруде. Жастар қайсарлығымен және мейірімділігімен табиғи апат­тан зардап шеккен адамдарға барынша қолұшын созып, мем­лекеттік орган өкілдеріне жәр­демдесуде. Волонтерлер әрдайым қиындыққа тап болған азаматтарға көмектесуге дайын. Қиындықты бірге жеңеміз!», деді Татьяна Ми­ронюк.