Тағайындау • 07 Қыркүйек, 2022

Марат Бәшімов тағы бір қызметке тағайындалды

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысында кеңес төрағасы сайланды. Енді бұл қызметті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Бәшімов атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марат Бәшімов тағы бір қызметке тағайындалды

Бұған дейін бұл қызметті «Егемен Қазақстан» РГ» ЖШС Бас директоры Дархан Қыдырәлі атқарған. Ол басқа лауазымға тағайындалуына байланысты өкілеттігін тоқтатты.

Сонымен қатар Марат Бәшімов кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сараптамалық кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарады.

«Өз кезегінде Қоғамдық кеңестің жаңадан тағайындалған төрағасы әріптестеріне сенім білдіргендері үшін алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екенін хабарлады. Сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтарды жемқорлыққа қарсы күрестен тыс қалмауға және жемқорлықтың барлық белгілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарлауға шақырады», делінген хабарламада.