Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2022

Алматыда заңсыз ойынхана анықталды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті монша кешенінде заңсыз астыртын ойынхана ұйымдастырған бір топ адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz департаменттің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Алматыда заңсыз ойынхана анықталды

Ведомство мәліметінше, алты адам заңсыз «Покер» ойындарын ұйымдастырған. Олар 22,5 млн теңгеден астам кіріс жасаған.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мекемеде ойыншылар, қызметшілер болған. Олардан фишка, карта және ойынның басқа да атрибуттары табылып, тәркіленді. Сонымен қатар казино тексерілген клиенттер үшін өту жүйесін орнатқан», делінген хабарламада.

Сот айыпталушыларды түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.