Қаржы • 07 Қыркүйек, 2022

Доллар қымбаттай бастады

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 473,10 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар қымбаттай бастады

Ресей рублінің орташа бағамы 7,75 теңгеге (+0,01) дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа бағамы төмендеп, 67,63 теңгені (-0,30) құрады.

Айырбастау пункттерінде америкалық долларды 473-477 теңгеден, еуроны 469-475 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль 7,2-7,6 теңге.

Сонымен қатар 7 қыркүйектегі сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы біршама төмендеді.

Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent мұнайына арналған қараша фьючерстерінің құны 3%-ға төмендеп, барреліне $91,38 құрады.

Нью-Йорктегі NYMEX тауар биржасының электрондық сауда-саттығында қазан айында WTI мұнайының фьючерстерінің бағасы бір барреліне $85,28 құрады, бұл алдыңғы сессияның қорытынды мәнінен 1,84%-ға төмен.