Әңгімелесу барысында 12-13 қазанда елордада өтетін АӨСШК-тің VI саммитіне дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды.
АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай Мемлекет басшысына алдағы саммиттің қорытынды құжаттарының жобаларын келісу үдерісі туралы баяндады.
Сонымен қатар Президентке АӨСШК-ті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру жоспары жөнінде мәлімет берілді. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыру – Қазақстанның стратегиялық мақсаты.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы алдағы саммитті жоғары деңгейде ұйымдастыру және АӨСШК-тегі мақсаттар мен міндеттерді тиімді іске асыру аса маңызды екенін атап өтті.