Спорт • 07 Қыркүйек, 2022

«Қайрат» – Суперкубок иегері

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудағы Halyk Arena спорт кешенінде футзалдан Қазақстан суперкубогының иегері анықталды. 1 600 көрермен тамашалаған финалдық сайыста Алматының «Қайраты» мен Рудныйдың «Аят» клубтары күш сынасты.

«Қайрат» – Суперкубок иегері

Осымен 10 мәрте жалауы жел­бірген жарысқа қос команда да өте жақсы даярлықпен келген екен. Алғашқы он минутта олар аңдасып қана жүрді. Тек «Аяттың» сапындағы бразилиялық легионер Леандриньо гол соққаннан кейін ғана ойын қатты қызды. Арада алты минут өткеннен соң дәл сол ойыншы екінші рет ны­­сананы дәл көздеді. Бірін­ші кезең рудныйлықтардың ба­сымдығымен аяқталды. Үзіліс­тен кейін «Қайрат» «қаһарына» мінді. Екінші тайм басталған бетте олар қатарынан үш рет мер­гендік танытты. Бұл голдардың авторлары – Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов және Шығыс Есенаманов.

Айналдырған екі минут ара­лығында үш рет допты торда тулатқан алматылықтар одан кейін де қарқындарын еш бә­сең­­деткен жоқ. 33-минутта Ақбалықов нысананы дәл көздеді. Кездесу аяқталуға тая­ғанда Антон Рындин есеп айырмашылығын қысқартты. Алайда одан әріге «Аяттың» әлі жетпеді. Сөйтіп, Алматының «Қайраты» жетінші мәрте Қазақ­стан суперкубогын иеленді.

Сондай-ақ кеше Ақтауда Қа­зақстан кубогы басталды. Бұл жарыс жаңа форматта өтуде. «А» тобында «Каспий» (Ақтау), «Қай­рат» (Алматы), «Астана» (Нұр-Сұлтан) және «Рахмет» (Ақ­төбе) өнер көрсетсе, «В» то­­бында «Атырау», «Ақтөбе», «Аят» (Рудный) және «Байтерек» (Орал) шеберлік байқасуда. Топ­тық турнир 10 қыркүйекте өз мәресіне жетеді. Ал жартылай фи­налдық және финалдық бәсе­келерді желтоқсанда тамашалаймыз.