Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2022

Контейнерлік кеме алғашқы сапарына жол тартты

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау теңіз сауда портынан қазақстандық контейнерлік жүк тасымалдайтын екін­ші кеме «Сұңқар» ал­ғаш рет жолға шықты. «Қа­зақ­теңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі «Сұңқар» кемесі осы уақытқа дейін компанияның мамандандырылған флот қатарында болды.

Контейнерлік кеме алғашқы сапарына жол тартты

Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомо­биль жолдары басқармасы ма­ман­дарының айтуынша, Транс­­кас­пий халықаралық көлік мар­­шру­тындағы және жалпы әлем­дегі контейнерлік тасымал­дарға деген қажеттілік пен сұра­ныс­тың жоғары болуына байланысты кеме қайта жасақталып, контейнер тасымалдайтын кеме ретінде модернизацияланған.

«Сұңқар» кемесінің алғаш­қы бағыты – Әзербай­жан Респуб­ли­касы Баку қала­сының «Алят» порты. «Қазақ­теңіз­көлікфлоты» ҰТКҚК ЖШС кон­тей­нерлік кеме ретінде алғаш са­пар­ға шыққан су көлігін салтанатпен шығарып салды.

 

Маңғыстау облысы