Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2022

Адамдар абай болса екен...

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аума­ғында алапат өрт шығып, тамылжыған табиғаттың әсем жүзіне кіреуке түсті. Жалпы көлемі 104,5 гектар жерді өрт шалған, оның 89,7 гектары дала өр­ті болса, 14,8 гектары ор­ман.

Адамдар абай болса екен...

Өрт туралы суыт хабар қас қарая түскен. Онда Зеренді ауда­нындағы ұлттық паркке тиесілі орман алқабында өрт шыққаны хабарланған. Іле облыс әкімі Ер­мек Маржықпаевтың тапсыр­масы бойынша жедел штаб құрылды.

Атбасар, Сандықтау аудан­­­дарының өртке қарсы бөлім­­дері де іле келіп жетті. Сон­дай-ақ Көк­шетау қаласынан да құ­­ра­мында 30 адамы бар өрт сөн­дірушілер тобы аттанды­рыл­­ған. Оқиға орнында қызыл жа­­лынның бетін қайтаруға жұ­мыла кірісіп, қажыр-қайрат та­нытылғанымен, секундына 15 метр жылдамдықпен соққан жел біраз уақыт бөгет болды. 200-ден астам адам орман өртімен кү­ресті. Өрт сөндірушілермен бірге ерік­тілер де, азаматтық қор­ғаныс ака­де­миясының курстанттары да қолұшын берді.

Алдын ала жасалған бол­жамға қарағанда өрт дала жо­лының бойынан шыққанға ұқ­сайды. Көк өскіннің бәрі қурап тұрған, өрт қаупі мол күзде өк­­пек жолау­шының ойланбай тастай салған жал­ғыз тал те­мекі тұ­қы­лының өзі осындай зар­дапқа алып келуі әбден мүм­кін. Жалпақ жұрт­тың мақ­та­ны­шына айналған – тамаша таби­ғатымызға зиян ти­гізбеу жайын ойлауымыз керек.

 

Ақмола облысы,

Зеренді ауданы