Қоғам • 08 Қыркүйек, 2022

Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Полиция қызметкерлері тұрақты есірткі тасымалдаушыны ұстады. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша қылмыскер тасымалдаған бірнеше мекенжайдан 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

«37 жастағы И. есімді күдікті азамат үш мекенжайға бетбелгі қою барысында ұсталды. Изолентаға оралған есірткі заттары бірден тәркіленді. Сонымен қатар күдіктінің Толстой көшесіндегі жалдамалы пәтері де тексерілді. Нәтижесінде ас үйдегі сөреден жасыл және ақ түсті ұнтақты заты бар 40 байлам анықталды. Сондай-ақ залдан қорап табылды, оның ішінде ұнтақты заты бар 331 бума болды. Самалдықтан қызыл, көк, ақ және жасыл түсті түйіршіктер мен ішінде ұнтақ түріндегі заты бар 5 пластик ыдыс табылды. Сараптама байламдар мен ыдыстарға синтетикалық есірткі оралғанын анықтады. 

Аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сараланды. Қылмыскер УҰИ-ға қамауға алынды.

Алматыда есірткі таратқан орынның нақты арнасы анықталады. Қазір күдікті синтетикалық есірткіні интернет арқылы алғанын айтып отыр.