Елорда • 08 Қыркүйек, 2022

Елордада «Халық заңгері» акциясы өтеді

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 қыркүйек күні елордада «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық акция өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елордада «Халық заңгері» акциясы өтеді

«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік науқанында заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері қала тұрғындарын қызықтырған сауалдарға жауап беріп, ұсыныстар айтып, заң тұрғысынан көмектеседі.

Акцияны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «ZAKON.KZ» желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар мен еліміздің жетекші заңгерлері ұйымдастырады.

Іс-шара Кенесары 32 көшесіндегі Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының 1 қабатында өтеді. Басталуы 16:00-де.

Айта кетсек, аталмыш науқан еліміздің барлық қалаларында ұйымдастырылады.

г