Мүшәйраны Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ, Қазақстан жазушылар одағы, «Тұлға-достық» қоғамдық қоры ұйымдастырады.
Мүшайра жас ақындар шығармашылығын қолдау және әдебиетті дамыту мақсатында өткізіледі.
Қатысуға ниет білдірген ақындар үшін келесі ережелер бекітілген:
- Мүшәйраға 16-40 жас аралығындағы ақындар қатыса алады;
- Алматы қаласын әсерлі поэтикалық түрде бейнелеп, оның өткені, бүгінгі тыныс-тіршілігін және келешегін көрсету қажет;
- Өлеңнің көркемдігіне, тақырыпты ашуына, ой ұшқырлығына басты назар аударылады.
- Алматы қаласы туралы бұрын жарияланбаған бір өленді korkemkala_almaty@mail.ru электронды поштасына жіберу;
- Өлеңнің көлемі 3 беттен аспай, А-4 форматында Microsoft Word мәтіндік редакторымен «Times New Roman» 14 шрифт, жоларалығы - 1.5 болып терілуі тиіс;
- Қатысушылар шығармаларымен қоса жеке куәлігінің көшірмесі, қысқаша өмірбаяны, 3х4 түрлі-түсті суретті, тұрғылықты мекен-жайы, телефон нөмірі жайлы мәліметтерді жіберу керек;
- Үміткерлердің шығармалары 2022 жылдың 18 қыркүйгіне дейін қабылданады;
- Іс-шара 2022 жылдың 20 қыркүйегінде қорытындыланады;
- Қазылар алқасының сараптауынан өткен шығармалардың авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Мүшәйраның жүлде қоры:
- Бас жүлде – 500 000 теңге;
- I - орын – 400 000 теңге;
- II - орын – 300 000 теңге;
- III - орын – 200 000 теңге;
- 1 қатысушыға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы арнайы жүлде – 150 000 теңге;
- 6 қатысушыға ынталандыру жүлдесі – 300 000 теңге (әр қатысушыға 50 000 теңгеден).
Жүлдегерлерді белгілі тұлғалардан құралған қазылар алқасы анықтайды.
Жыр сайысының ережесі туралы толық ақпарат әлеуметтік жілелер мен интернет-сайттарда жарияланады.
Толық ақпаратты келесі нөмірлер бойынша алуға болады:
+7 (727) 279-33-15; +7 705 987-68-50.