Тарқата айтар болсақ, Димаштың Мексикадағы фан-клубының арқасында бейнероликтер көрсетілді. Dears ең танымал теледидарлық желілердің бірі – Мехико қаласындағы метрода музыкалық бейнеклиптер мен мәдени жаңалықтарды орналастырумен айналысатын Isa TV-ге хабар тарату туралы өтініш жіберген.
Трансляцияның өтуі үшін Dears Isa TV ресми Instagram-аккаунтындағы посттың астына 2000 лайк жинау керек болған. Ал Димаш шығармашылығының жанкүйерлері оған небәрі екі күннің ішінде қол жеткізген. Осылайша, Мексика астанасындағы метроның 70 стансасында Димаштың Fly Away әніне түсірілген видеосы көрсетілді. Метро – қаланың негізгі көлік құралдарының бірі. Сондықтан бейнені 3 миллионға жуық адам көреді.